
Отандық құрылыс материалдары индустриясы жедел қарқынмен дамуда, бірақ шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту қажет.
Мемлекет отандық құрылыс индустриясын дамыту үшін қажетті шаралар қабылдауда. ҚР ИИДМ мәліметінше, тұрғын және өндірістік ғимараттарды, әлеуметтік нысандарды, инфрақұрылымды салу кезінде пайдаланылатын құрылыс материалдары нарығының сыйымдылығы 934 млрд теңгені құрайды.
Құрылыс материалдары индустриясы-экономиканың басым секторларының бірі, өңдеу өнеркәсібі саласында 6% - ды алады. Құрылыстың материалдық базасы ретінде ол экономиканың байланысты салаларындағы өсу қарқынына және тұтастай алғанда қоғамның әлеуметтік жағдайына айтарлықтай әсер етеді.
Құрылыс материалдарын еліміздің барлық өңірлерінде 1 965 кәсіпорын өндіреді. Сала 29 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
Құрылыс материалдары өндірісінің көлемі ақшалай мәнде соңғы он жылда 3 еседен астам – 176 млрд теңгеден 586 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Соңғы жылдары бұл сектор тамақ өнеркәсібінен, электр энергетикасынан және машина жасаудан кейінгі жетекші салалардың топ-бестігіне тұрақты кіреді.
Толығырақ kazpravda.kz материалда.