МПС вносит изменения в Правила проведения аукциона среди заявителей, имеющих одинаковую приоритетность

МПС вносит изменения в Правила проведения аукциона среди заявителей, имеющих одинаковую приоритетность

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Бірдей басымдығы бар өтініш берушілер арасында аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 316 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»  бұйрық жобасын жариялады. Ол Министрліктің жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру бойынша жұмысы аясында әзірленді.

Бұйрық жобасымен министрліктің бірқатар мемлекеттік қызметтері реинжинирингтен өтті, оның ішінде құжаттар тізімі, келісу кезеңдері қысқартылды, Министрліктің мемлекеттік қызметтерін көрсетуге қатысатын басқа ұйымдардың функциялары автоматтандырылды.

 

Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз

ӨҚМ Жер қойнауын пайдаланушының операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізеді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын жариялады. Ол цифралндыру бойынша жұмыс шеңберінде әзірленді.

Бұйрық жобасымен Министрліктің мемлекеттік қызметі реинжинирингтен өтті, оның ішінде құжаттар тізімі, келісу кезеңдері қысқартылды, Министрліктің мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын басқа ұйымдардың функциялары автоматтандырылды.

Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз

ӨҚМ Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын толықтырады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 маусымдағы № 221 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын жариялайды.

Азаматтардың жекелеген санаттарына жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына толықтырулар енгізу, азаматтардың жекелеген санаттарына жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру бойынша «Отбасы банкі» АҚ қызметтерінің құнын есептеуге мүмкіндік береді.

Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 29 тамызда «e-gov» «https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15162028) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.

Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз