Құлсарыда тасқыннан зардап шеккендерге арналған 80 үйдің құрылысы аяқталып келеді

Құлсарыда тасқыннан зардап шеккендерге арналған 80 үйдің құрылысы аяқталып келеді

Атырау облысының Құлсары қаласындағы Болашақ ықшамауданында қабырғасы қаланған 100 үйдің қабырғасын қалау жұмыстары аяқталды. 91 үйдің төбе жабындысы жабылды. 84 үйге сылақ, 71 үйге әрлеу жұмыстары жүруде. 82 үйдің терезесі қондырылды. Инженерлік-инфрақұрылым жүргізу жұмыстары аяқталyда. 

Әр үйдің көлемі 100 шаршы метрді құрайтын 5 бөлмеден тұрады.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Атырау облысында 100 үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, өңір тұрғындарына 1372 баспана сатып алынды, 1194 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.