ӨҚМ ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізеді

ӨҚМ ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізеді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 24 мамырдағы №190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасын жариялады.

Президенттің Атырау қаласындағы Ұлттық құрылтай отырысында жаңа ипотекалық бағдарламаны, оның ішінде ауылдар мен аудан орталықтарының тұрғындары үшін іске қосуға қатысты тапсырмасы, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттар үшін 7%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бұйрық жобасын әзірлеуге негіз болып табылады.

Бұйрықтың жобасы ҚР азаматтарына және қандастарға тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібін айқындайды.

Бұйрық жобасын қабылдау Жаңа жеңілдікті ипотекалық бағдарламаны енгізуге мүмкіндік береді, бұл ҚР жүздеген мың азаматтары адал еңбек ететін құрылыс секторын одан әрі жандандыруға ынталандырады және мұқтаж жандардың көпшілігіне өз тұрғын үйлерін сатып алуға көмектеседі.

Қаулы 2024 жылғы 20 наурызда «e-gov» (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14990620) ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған.

 

Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз