
Ырғыз ауданында 120 үйдің, соның ішінде Нұра ауылында 63 үйдің құрылысы қарқынды жүруде. Ауданда жалпы 30 үйдің құрылысы аяқталып, тапсырылды.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының мәліметінше, Ақтөбе облысында 500 үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда зардап шеккен отбасыларға 235 жеке тұрғын үй салынды, 495 үй сатып алынды, 3048 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.