
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзгерту туралы қосымша келісім жасасу мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы жариялады. Ол цифрландыру бойынша жұмыс шеңберінде әзірленді.
Бұйрық жобасымен министрліктің бірқатар мемлекеттік қызметтері реинжинирингтен өтті, оның ішінде құжаттар тізімі, келісу кезеңдері қысқартылды, Министрліктің мемлекеттік қызметтерін көрсетуге қатысатын басқа ұйымдардың функциялары автоматтандырылды.
Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз
ӨҚМ Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларына өзгерістер енгізеді
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу қағидаларын және Жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне көшу жөніндегі комиссияның жұмыс қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 379 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын жариялады. Ол цифрландыру бойынша жұмыс шеңберінде әзірленген.
Бұйрық жобасымен министрліктің мемлекеттік қызметі реинжинирингтен өтті, оның ішінде құжаттар тізімі, келісу кезеңдері қысқартылды, Министрліктің мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын басқа ұйымдардың функциялары автоматтандырылды
Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз
Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты құжаттар бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілуде
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, барлауға арналған лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) ауыстыруға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді ауыстыруға рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 516 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын жариялады. Ол цифрландыру бойынша жұмыс шеңберінде әзірленді.
Бұйрық жобасымен министрліктің бірқатар мемлекеттік қызметтері реинжинирингтен өтті, құжаттар тізімі, келісу кезеңдері қысқартылып, Министрліктің мемлекеттік қызметтерін көрсетуге қатысатын басқа ұйымдардың функциялары автоматтандырылды.
Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз