
Ақмола облысы Жарқайың ауданының Пригородное ауылында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған екі пәтерлі 15 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі таңда 15 үйдің 11-інде төбесі жабылды, 3 үйдің төбесі 75%-ті құрайды, қалған тағы 1 үй шатыр қаңқасымен жабдықталуда. 11 үйге терезелер орнатылды, 1 үйде жұмыс жүргізілуде. 5 үйде ішкі қалқалар толық орнатылды, 8 үйде бұл жұмыстар аяқталуда. Еденді тегістеу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, жолды асфальттауға дайындау және су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.
ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Ақмола облысында 331 үйдің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда зардап шеккендерге 221 үй сатып алынды, 715 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.