ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АУЫСУ ҮШІН МАҢЫЗДЫ МИНЕРАЛДАР САЛАСЫНДА БҰҰ-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АУЫСУ ҮШІН МАҢЫЗДЫ МИНЕРАЛДАР САЛАСЫНДА БҰҰ-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев United Nations Secretary General’s Panel on Critical Energy Transition Minerals – энергетикалық ауысу үшін маңызды минералдар жөніндегі топтың 3-ші отырысына қатысты.

Іс-шараға 25 елдің делегаттары, сарапшылар, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдардың, ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері қатысты.

Энергетикалық ауысу үшін маңызды минералдар тобы 2024 жылдың сәуір айында БҰҰ Бас хатшысының бастамасымен құрылып, үкіметтер, үкіметаралық және халықаралық ұйымдар, өнеркәсіп және азаматтық қоғам өкілдерін біріктіреді.

Отырыс нәтижесінде БҰҰ Бас хатшысына2024 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте өтетін «болашақ саммиті» бойынша ұсыныстар әзірленді.

ЮНЕП атқарушы директоры И. Андерсен Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың 2026 жылы Өңірлік климат саммитін өткізу жөніндегі бастамасын қолдай отырып, ЮНЕП-тің бұл іс-шараны ұйымдастыруға белсенді қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Ол Қазақстанмен әріптестіктің зор әлеуетін атап өтіп, БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының аймақтағы қатысуын арттыруға мүдделілік білдірді.

БҰҰ-Хабитат бағдарламасының атқарушы директоры Анаклаудия Россбах Қазақстанмен ынтымақтастықтың маңыздылығын айтып, 2024 жылдың 23-27 қыркүйегінде Алматыда «Батыс Балқан, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінде тұрақты қалалық мобильділікті нығайту» тақырыбында өңірлік іс-шара өткізілетінін атап өтті. Ол Қазақстанмен құрылыс жобаларын іске асыруға және халықаралық іс-шараларға қатысуға ерекше қызығушылық танытты.