
Ақтөбе облысының Қобда ауданында 147 үй cалынуда. Бүгінде облыс орталығында 54, Жарық ауылында 9 үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарына өтемақы алған 118 отбасы үйлерін қалпына келтірді. Тағы 8 отбасыға дайын баспана сатып алынды.
Құрылыс жұмыстарының барысын облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев бағамдады. Ол мердігер компаниялардың өкілдеріне жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде аяқтау керектегін еске салды.
Ақтөбе өңірінде Президенттің тапсырмасы аясында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында «Орал-Ойыл», «Батыс» және «Сауқайың» қорғаныс бөгеттері салынады. Үш жобаға 991 миллион теңге бөлінді.
Бұдан басқа, 1,8 млрд. теңгеден астам қаражатты құрайтын жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, Сондай-ақ, Қобда ауылындағы И. Тайманов атындағы гимназияда жөндеу жұмыстары аяқталды. Мердігер қабырғаларды әктеп, электр панеліндегі жабдықты ауыстырып, жертөлені гидрооқшаулады. Гимназияның 345 оқушысының білім алуына қолайлы жағдай жасалды.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының деректері бойынша Ақтөбе облысында 500 үйдің құрылысы жүргізілуде. Тұрғын үй сатып алу және жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда зардап шеккендерге 188 тұрғын үй салынып, 495 үй сатып алынды, 3 048 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.
Одан бөлек, Ахуалдық орталық күнделікті негізде тұрғын үйлерді қалпына келтіру барысына мониторинг және қадағалау жүргізуде.