
️Соңғы уақытта біздің отандастарымыздың жол-құрылыс саласындағы алаяқтық жүйелердің құрбаны болу фактісі өте жиі орын алады. Түрлі адамдар «QazAvtoJol» ҰК» АҚ-ның қызметкерлері болып атанып, әлеуетті жеткізушілерге жол құрылысы саласында белгілі бір жұмыс ауқымын ұсынуда.
Сол себепті, барша азаматтарды мұқият және абай болуға шақырамыз. Компанияның құпия ақпаратын өзіміге қарсы қолданбақ болған адамдардың саны артуда. Егер Сіз мұндай жағдайға тап болсаңыз, біздің ресми www.qazavtojol.kz сайтымыздағы «БАЙЛАНЫС» тармағындағы байланыс нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймын. Республикалық маңызы бар автожолдардағы барлық құрылыс жұмыстары, хабарландырулар, өтініш беру үлгілері біздің ресми сайтымызда жарияланған. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызда қажетті мамандар, техника мен мердігер ұйымдар туралы хабарландырулар күнделікті жаңартылып отырады. Барлық сұрақтарыңыз бойынша кез келген уақытта QazAvtoJol парақшаларына немесе 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуларыңызға болады. Байланыс орталықтың операторлары республикалық маңызы бар автожолдар туралы барлық сұрақтарға жауап беріп, қажет болса төтенше қызмет пен жол полициясымен байланыстырады.
Сонымен қатар, egov.kz сайтындағы «Ашық үкімет» бөлімінде ҰК «АҚ «QazAvtoJol» басшысының жеке блогы бар. Осы блогқа да жазуларыңызға болады.