ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі а.ж. 20 тамызында 4 бұйрықтың жобаларын жариялады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі а.ж. 20 тамызында 4 бұйрықтың жобаларын жариялады

«Республикалық бюджет есебінен тұрғын үй салуды және (немесе) сатып алуды қаржыландыру және (немесе) мемлекеттік бағалы қағаздар шығару, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үйді мониторингілеу және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығына

Пресс-релиз

Қағидаға жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздар шығару есебінен тұрғын үй сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің өзгерістердің қабылдауына байланысты өзгерістер енгізілді, сондай-ақ аумақтарды кешенді салу шеңберінде аумақтарды кешенді салу шеңберінде тұрғын үй құрылысы Бірыңғай операторының тұрғын үй құрылысын қаржыландыру тәртібі мен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй жобаларын іске асыру тетіктерімен толықтырылған.

Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз

 

ӨҚМ «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын толықтыруда

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларына толықтыру енгізу туралы бұйрық жобасын жариялады.

Бұл өзгерістер «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 106 бұйрығына енгізіледі.

Бұйрық жобасы «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 10-бабының 2-тармағы және «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабының 2-тармағы, «ҚР сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 51-бабының 1-тармағы және «ҚР Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңның 14-бабының 5-тармағы ескеріліе отырып толықтырулар әзірленген.

Бұл толықтырулар аталған мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үй беру мәселесін шешудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

 

Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз

 

Қазақстан Респуликасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен Қазақстан Респуликасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 350 «Металлургия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» және Қазақстан Респуликасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 4 наурыздағы № 88 «Террористік тұрғыдан осал химия өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрықтың жобасын әзірледі. Бұл нұсқаулықтағы «бейнебақылау жүйесі» ұғымының бөлігіндегі өзгерістер.

Өзгеріс мынадай редакцияда жазылады:

бейнебақылау жүйесі – бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтаудың, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы.

 

Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз

 

«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы
4 қазандағы № 864 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Жоба Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің функцияларын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Жылу энергетикасы туралы» «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкестікке келтіру бөлігінде, сонымен қатар мақта өңдеу саласын жіптер өндірісіне дейін дамыту мәселесін Өнеркәсіп министрлігінің қарауынан Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауына беру мәселесі туралы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Жұманғариннің Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Жетісу облыстарына жасаған сапарының қорытындысы бойынша 2024 жылғы 22 маусымдағы №21-04/05-4058 кеңес хаттамасының 1.2.2-тармағын орындау мақсатында оның ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін әзірленді

 

Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз