
Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 221 үй сатып алынды.
Иван Ющенко Бұлынды ауданы Макинск қаласының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарының бірі. Ол отбасын қиындықта қалдырмағаны үшін мемлекет басшысына ризашылығын білдірді. Су тасқыны оның үйін қиратты. Мемлекеттің қолдауының арқасында Ющенко баспаналы болды. Оның отбасы жаңа үйлеріне қоныстанды.
«Мемлекетке көмек көрсеткені үшін рахмет. Үй берілді. Бізге өз үйімізді таңдауға мүмкіндік берді. Жарқын, таза, ұқыпты. Моншасы, бақшасы бар. Бүкіл отбасымнан атынан бізді қиыншылықта қалдырмағаны үшін барлықтарыңызға ризашылышығымды білдіремін. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа рахмет», - деді Иван Ющенко.
Сонымен қатар, өңірде 331 жеке тұрғын үй, оның ішінде 115-і Бұланды ауданында белсенді салынуда. Жұмыстар ауданның төрт ауылы Журавлевка, Капитоновка, Иванковка және Вознесенкада жүргізілуде. Жаңа үйлердің ауданы кемінде 80 шаршы метрді құрайды. Құрылыс барысын портал арқылы gov.kz онлайн режимде бақылауға болады.
Оған қоса, Ақмола облысында 715 тұрғын үйде, оның 112-сі Бұланды ауданында жөндеу жұмыстары аяқталды.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығы су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үйді қалпына келтіру барысына күнделікті мониторинг және бақылау жүргізуде.