
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарттың үлгілік нысанына өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасын жариялады.
Өзгерістер «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңының 5-бабының 2) тармақшасы негізінде «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 345 бұйрығына енгізіледі.
Бұйрық «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленіп 1,5% деңгейінде ауытқу шегін белгілей отырып, үлестің ауданын азайтуға немесе ұлғайтуға қатысты өзгерістерді енгізуді қарастырады.
Бұйрық 2024 жылғы 14 тамызда e-gov (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15169368) ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында жарияланған.
Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз
ӨҚМ Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі тәртіп пен талаптар туралы бұйрықтың жобасын жариялады
Бұйрық жобасымен тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі тәртіп пен талаптарды бекіту көзделген.
Аталған бұйрық жобасы «Жылу энергетикасы туралы» және 1Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «2024 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы өкімінің 17-тармағын орындау шеңберінде жүзеге асырылады.
Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз