«Қазақстан инжиниринг-811 автожөндеу зауыты»: дәстүр мен жаңашылдық үйлесімі

«Қазақстан инжиниринг-811 автожөндеу зауыты»: дәстүр мен  жаңашылдық үйлесімі

«Қазақстан инжиниринг-811 автожөндеу зауыты» АҚ өнімнің жаңа түрлерін игере отырып, 40 жылдан бері автомобиль және әскери-инженерлік техниканы күрделі жөндеумен және жаңғыртумен айналысады.

2015 жылы кәсіпорын су бөгеттері арқылы көпір және паром өткелдерін жабдықтауға арналған понтон-көпір паркі (ПКП) құрамынан өзен буыны бар жаңғыртылған автомобильдің тәжірибелік үлгісін әзірлеу жөнінде ҚР Қорғаныс министрлігінен техникалық тапсырма алды.

Бірнеше жыл бойы тиісті ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізілді. ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдерінің қатысуымен зауыттық және әскери сынақтардың барлық кезеңдерін өткізгеннен кейін КАМАЗ-63502 базасында өзен буыны бар ПКП жаңғыртылған автомобилі бойынша оң бағасын алды. Осы жұмыстардың нәтижесінде ПКП тасымалдау базасының маневрлігі мен басқарылуы артты.

2019 жылдан бастап кәсіпорын ҚР Қорғаныс министрлігінің қажеттіліктері үшін жаңа үлгідегі жаңғыртылған тасымалдау автомобильдерін жеткізуді бастады.