
Бурыл темір кендері болашағы бар шикізат көзі болып табылады. Алайда, құрамында зиянды қоспа – фосфор болғандықтан және тиімді өңдеу әдістерінің жоқтығынан мұндай шикізатты өндіру және өңдеу шектеулі.
«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу ұлттық орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорның филиалы «Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институты» ғалымдары әлемде алғаш рет бурыл темір кендерін өңдеудің бірегей технологиясын жасады.
Технология «Өркен» ЖШС-мен бірге «Qarmet» АҚ агломерациялық цехында жартылай өнеркәсіптік ауқымда сынақтан өтті. Алынған концентрат қара металлургия үшін темір кендерінің шикізатына қойылатын талаптарға (темір – 60,81 %, фосфор – 0,3 %, кремний тотығы – 7,59 %, алюминий тотығы – 3,61 %) сәйкес келеді.
Технология әлемде теңдесі жоқ. Қазақстандық және шетелдік ірі кен орындарының ұқсас фосфорлы бурыл темір кендерін байыту үшін бейімделуі мүмкін.