
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев а.ж. 13 тамызында Үкімет отырысында баяндама жасады. Министр өңдеуші өнеркәсіп кәсіп орындарын толықтай жүктеу бойынша жүйелі жұмыс үшін министрлік тарапынан қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты. Отандық тауар өндірушілерді қолдау аясында елдің ішкі резервтерін пайдалану жолға қойылды.
Отандық өндірушілерді қолдау аясында келесі заңнамалық өзгерістер қабылданды. Біріншіден, мемлекеттік сатып алуда басымдық берілетін отандық тауарлар тізбесі кеңейтілді. Оффтейк келісім-шарттар жасасу тетігі пысықталды.
Екіншіден, мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін құрылыс жұмыстарында отандық тауарларды пайдалануға бақылау енгізілді.
Жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың сатып алуларында отандық тауарларға басымдық беріледі.
Төртіншіден, табиғи монополия субъектілері сатып алуларында отандық тауарларға 10% шартты жеңілдік қарастырылған, бұл тауарлардың бәсеке лестігін арттырады.
Сондай-ақ, «Самұрық Қазына» сатып алуларында ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк келісім-шарттар жасасу шарттары жетілдірілді.
Шағын және орта кәсіпорындарды қолдау аясында сатып ал ларда олардың тауарларына басымдық беру өз тиімділігін көрсеткенін айта кеткен жөн. Мәселен, Петропавлдағы «Радуга» кәсіпорны қағаз өнімдері бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысу есебінен 1 млрд теңгеге өнім шығарып, 100%-ға жүктелді.
Сондай ақ, Павлодардағы «Лакра» ЖШС кәсіпорны лак бояу өндірісі көлемін 27%-ға, Алматыдағы «Marschall» ЖШС тұрмыстық химия өндірісін 15%-ға ұлғайтты.
Астанада осы сәуірде өнім шығаруды бастаған «Metal Former» кәсіпорны «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 100%ға жүктеліп, 4 айда үш те 3,6 млрд теңгеге өнім шығарды.
Сонымен қатар, отандық кәсіпорындарды қолдау шеңберінде заңнамалық өзгерістер пысықталуда. Соның ішінде – ірі тапсырыс берушілердің отандық тауарлар мен қызметтерді пайдалану бағдарламаларын бекіту және ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк келісім-шарттар жасасу міндеттемелерін белгілеу. Мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін құрылыс жұмыстарында отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарын қолдануды бақылау комиссиясын құру. Және соңғысы – жаңа өндірістік нысандар құрылысы барысында отандық тауар өндірушілерден материалдар мен жабдықтарды сатып алу бойынша міндеттемелерді белгілеу.