ҚР ӨҚМ тұрғын үй қатынастары саласындағы деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы бұйрық жобасын жариялады

ҚР ӨҚМ тұрғын үй қатынастары саласындағы деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы бұйрық жобасын жариялады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Тұрғын үй қатынастары саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 7 маусымдағы № 212 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» бұйрықтың жобасын ұсынады.

Тұрғын үй қатынастары саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға өзгерістер енгізу мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ҚР азаматтарын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі есепті толықтыру мақсатында әзірленді. Есепті әкімдіктер толтырады және ай сайын Министрлікке ұсынады.

Министрлік кезекте тұрған азаматтармен тұрғын үй жалдау шарттарын жасасу бойынша деректерді жинау жолымен мұқтаж азаматтарға тұрғын үйдің нақты берілуіне талдау жүргізетін болады.

Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 7 тамызда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды. [https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15162028]

 

Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз