
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде пайдалы қазбаларды заңсыз алу (өндіру) нәтижесінде келтірілген залалға экономикалық бағалау есебін жүргізуге тұлғаларды айқындады. Аталған өкілеттіктерді қатты пайдалы қазбалар, көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдеріне беру жоспарлануда.
Бұл өзгерістер «Жер қойнауы ресурстарына келтірілген залалды экономикалық бағалау әдістемесін бекіту туралы» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. (2021 жылғы 20 тамыздағы № 457) және ҚР Энергетика министрінің (2021 жылғы 23 тамыздағы № 274) бірлескен бұйрығына енгізілуде.
2023 жылғы 17 сәуірінде бірлескен бұйрықтың жобасы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған.
Әзірлеушілердің хабарлауынша, жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және/немесе өзге де жағымсыз салдарға әкеп соқпайды.