
«Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі негізінде отандық өндірушілердің аналитикалық жағдайлық зерттеуінің дэшборды жасалған.
Бүгінгі күні «Электрондық мемлекеттік сатып алу», «Самұрық» СК, «Mitwork» (квазимемлекеттік сектор), «Nadloc» (жер қойнауын пайдаланушылар), «СК-Фармация» сияқты реттелетін сатып алу алаңдарымен интеграция жүзеге асырылды. Сонымен қатар, дэшборд қолданыстағы ұзақ мерзімді келісімшарттар мен офтейк келісімшарттары туралы деректерді қамтиды.
Одан бөлек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» АЖ-мен интеграциялау арқылы еңбекақы төлеу және қызметкерлер санының ұлғаюы туралы деректер өзектілендірілді, мұнда деректер SDU онлайн режимінде жаңартылады.
Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін дэшбордта кәсіпорындар тізімі жаңартылды, онда олардың сатып алулары туралы деректер де көрсетілген. Қазіргі уақытта дэшборд 1 057 кәсіпорыннан тұрады.