
«Мемсараптама» РМК «Ұлытау облысы, Жезқазған қ. Айдос кен орнының жерасты суларының су жинау құрылыстарын қайта жаңарту" жобасы бойынша оң қорытынды берді.
Жобалауға берілген тапсырмаға сәйкес 5 ұңғыманы күрделі жөндеу, жаңа ұңғымаларды, құрама су құбырын салу, сондай-ақ ӘЖ-35кВ электрмен жабдықтау желілерін қосу көзделген. Су құбырының ұзындығы 19 км болады.
Айдос жер асты суларының кен орны Жезқазған қ. сумен қамтамасыз етуге арналған. Тозған су құбыры 1967-1985 жылдары салынған. Қолданыстағы құрылымдар қазіргі заманауи нормаларға сәйкес келмейді.
Нысан құрылысына тапсырыс беруші «Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ болып табылады, жобаны «Қазстройпроект 2010» ЖШС әзірлеген.