
«Qazaq Air» авиакомпаниясы, ішкі бағыттар бойынша тасымалдауға сұранысты қанағаттандыру мақсатымен субсидияланатын авиабағыттарға қосымша конкурс нәтижесі бойынша, а.ж. 21 шілдеден бастап Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады. Бір бағыт бойынша билеттің бағасы 20 000 тг. «SCAT» авиакомпаниясымен орындалып жатқан аптасына 2 рейске, «Qazaq Air» авиакомппаниясына қосымша 2 рейс орындауға рұқсат етілді. Барлығы, қазіргі уақытта аталған авиабағыт бойынша аптасына 4 рейс орындалады. «Qazaq Air» авиакомпаниясының ұшулары сейсенбі және сенбі күндері келесі кесте бойынша орындалады:
Жезқазған (12-00) – Алматы (13-55);
Алматы (14-30) – Жезқазған (16-25).
Барлық рейстер сиымдылығы 76-дан 86 орынға дейін «Bombardier» әуе кемелерінде орындалады.