Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы бақылауда

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы бақылауда

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлердің құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстарын бақылайды.

Ақмола облысындағы Атбасар қ. 165 зардап шеккен отбасыға үш көпқабатты тұрғын үй салынуда.  Бүгінде екі үйде абаттандыру және ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуда. Тамыз айында бітіру жоспарланған. 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының мәліметі бойынша Ақмола облысында барлығы 1 267 нысанға техникалық зерттеу жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша келесі шаралар жоспарланған:

- 331 үйдің құрылысын жалғастыру;

- 221 үй сатып алу, оның 219-ы үй сатып алынды;

- 715 үйге жөндеу жұмыстарын аяқтау.  

Тұрғын үй құрылысының барысын gov.kz бірыңғай платформасы арқылы бақылай алуға болатынын еске саламыз.