
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде аппарат басшысы Рахымжан Исақұловтың төрағалығымен Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мәселелері бойынша семинар өтті.
Іс – шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі - Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Жазира Жылқышиева Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру шеңберінде қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы және профилактикалық шаралары туралы баяндама жасады.
Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негізі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдары, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің көзделген түрлері, сондай-ақ соңғы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар сияқты мәселелер қаралып, талқыланды. Семинар қорытындысы бойынша Антикор өкілі қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.