Қуандық Қажкенов Ақмола облысында салынып жатқан нысандарды тексерді

Қуандық Қажкенов Ақмола облысында салынып жатқан нысандарды тексерді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов құрылыс жұмыстарының барысын тексеру мақсатында Ақмола облысы, Бұланды ауданында болды. Жұмыс сапары аясында ол Вознесенка ауылы, Иванковка, Капитоновка және Журавлевка ауылдарында салынып жатқан үйлерді аралады. Нысандарды аралау барысында Қуандық Қажкенов құрылыс материалдарымен толық қамтамасыз етуді және құрылыс сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Құрылыс жұмыстары «Kazakh kazyna» ЖШС, «МарКан», «МарСам», «Medina Building» серіктестіктерімен жүргізілуде. Жұмыс қарқынын жеделдету, жұмысшылар мен арнайы техникаларды көбейту бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Құрылыстың барысы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің тұрақты бақылауында. Қазіргі мәліметтер бойынша жұмыс 45%-ға орындалды, жоспарлы аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін. Бүгінгі таңда баспанасыз қалған облыс тұрғындары үшін облыстың төрт ауданында 331 тұрғын үй салынуда.

Сапар барысында вице-министр құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, салынып жатқан үйлердің сапасына баса назар аударуды тапсырды. Бұл ретте су тасқынынан зардап шеккендерге үй салу жеке бақылауында екенін еске салды.