«Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы
29 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасында (бұдан әрі - Бұйрық) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағы және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасы негізінде өзгерістер, толықтырулар енгізіледі.
Бұйрық «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленіп келесі өзгерістерді қарастырады, атап айтқанда:
Бұған дейін мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылған болатын (www.egov.kz, www.elicense.kz) немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы жүзеге асырылған.
Қазіргі уақытта тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін бірыңғай ақпараттық жүйе болып табылатын «Қазтізілім» АЖ арқылы іске асыру жоспарлануда.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін 8-ден 4 (төрт) жұмыс күніне дейін қысқарту көзделген.
Бұдан басқа, рұқсат алуға қойылатын талаптар құрылыс объектісі туралы тиісті деректермен толықтырылды.
Сонымен қатар, бұйрық 2024 жылғы 30 шілде «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында. (https://legalacts.egov.kz/list?governmentId=14709558) орналастырылған.