Министр Сырым және Қаратөбе аудандарындағы тұрғын үйлердің құрылысын тексерді

Министр Сырым және Қаратөбе аудандарындағы тұрғын үйлердің құрылысын тексерді

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстардың барысын бағалау мақсатында Сырым ауданындағы Жымпиты және Бұлдырты ауылдарына, Қаратөбе ауданындағы Қоржын ауылына барды.

Сырым ауданында барлығы 114, Жымпитыда 48, Бұлдыртыда 25 тұрғын үй құрылысы «Қазақстан халқына» қоры, «СК Алаш» ЖШС және «Профлайн Констракшн» ЖШС демеушілік қаражаты есебінен жүргізілуде.  Аудандағы құрылыс жұмыстарына 316 адам мен 30 техника жұмылдырылды.

Қаратөбе ауданындағы Қоржын ауылында «ҚазАзот» компаниясы мен «Ақжайық» қорының демеушілік қаражатына 90 тұрғын үй салынуда. Жұмыстарды «Батыс құрылыс қызмет» ЖШС, «АИАС строй Сервис» ЖШС, «Kazakhstan Giga Trade» ЖШС, «Тәуекел» ЖШС, «Жайыққұрылысфакт» ЖШС және «ОралСпецСтрой» ЖШС мердігерлері жүргізуде. 264 жұмысшы мен 21 техника жұмылдырылды.

Министр сапалы құрылыстың маңыздылығына тоқталып, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.