Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысына тұрғын үй құрылысын қадағалау үшін келді

Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысына тұрғын үй құрылысын қадағалау үшін келді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев бүгін тұрғын үйлерді қалпына келтіру барысын бақылау үшін Батыс Қазақстан облысына келді. Министр Бөрлі ауданы Кеңтүбек, Ақсу, Пугачево және Аралтал ауылдарында салынып жатқан нысандарды аралады.

Бөрлі ауданындағы Ахуалдық орталығының мәліметінше, техникалық зерттеу қорытындысы бойынша 126 үй жарамсыз деп танылған.

Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккендерге ауданда 60, Кеңтүбек ауылында – 11, Ақсуда – 23, Пугачевода – 12, Аралталда – 14 үй салынуда. «Ақсайгазсервис» АҚ, «Ақжайық» қоры, «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС және «Демеу» қоры демеушілердің қаражаттары есебінен жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарын «Наурыз» ЖШС, «УральскСтройИнвест» ЖШС және «ДокаСтройКом» ЖШС мердігерлері жүргіп жатыр. Ағымдағы мәліметтер бойынша жұмыс 85-90 %-ға орындалды, жоспарлы аяқтау мерзімі – ағымдағы жылдың 1 тамызы.

Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға Бөрлі ауданында 66 үй сатып алу жоспарлануда.