
«Тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер болып табылатын заңды тұлғалар, өндірушінің уәкілетті өкілдері, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар тізілімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығының жобасына
Бұйрықтың жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 394-бабының 53) тармақшасын орындау үшін әзірленді.
Бұйрық жобасында мынадай жағдайларда тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың компоненттерін өткізу жөніндегі айналымдарды қосылған құн салығынан босату көзделеді:
- тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың компоненттерін өндіруші үшін-сатылатын тұрмыстық аспаптың және (немесе) тұрмыстық электроника аспабының, сондай-ақ олардың (оның) компоненттерінің құрамына бұрын әкелінген шикізат және (немесе) қосылған құн салығынан босатылатын материалдар кіреді;
- тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың компоненттерін өндірушінің уәкілетті өкілі үшін-тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың компоненттері өндірушіден қосылған құн салығынсыз сатып алынды;
- тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың компоненттерін өткізетін өзге тұлғалар үшін-көрсетілген тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың компоненттері өндірушіден немесе уәкілетті өкілден қосылған құн салығынсыз сатып алынды;
- тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың компоненттерін өндірушілер болып табылатын заңды тұлғалардың тізіліміне өндірушінің уәкілетті өкілдері, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың компоненттерін өткізетін өзге де тұлғалар енгізіледі.
Бұл өндірушіге босатылған айналым қаражатын өндіріс көлемін ұлғайтуға жіберуге, ал тауарды өткізу кезінде шарттық жұмысты жүргізу функциясын оны уәкілетті өкілге және (немесе) тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың компоненттерін өткізетін өзге тұлғаға беруге мүмкіндік береді.
Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз.
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың бақылау тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 424 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрдің бұйрық жобасына
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорт, импорт, реэкспорт және транзитін бақылау «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 28 желтоқсаннан № 172-VII ЗРК Заңымен реттеледі.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау тізімін ұлғайту (2023 жылғы 9 маусымнан № 424 ИИДМ бұйрығы) Қазақстан Республикасының жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін сақтау (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары (1540)), қару-жарақ пен әскери техниканың заңды саудасын қамтамасыз ету (2013 жылғы 2 сәуірдегі Қару-жарақ саудасы туралы халықаралық шарт) мақсатында жүзеге асырылады.
Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз.
«Өндірушіден сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығының жобасына Пресс-релиз
Бұйрықтың жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 394-бабының 48) тармақшасын орындау мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасында мынадай шарттар сақталған кезде:
- өткізуші заңды тұлға көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өндірушінің уәкілетті өкілі болып табылса;
- көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы өндірушіден қосылған құн салығынсыз сатып алынса;
- көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының уәкілетті өкілі мен өндірушісі арасында мәміле болса;
- өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізіліміне енгізілген кезде, көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Бұл өндірушіге босатылған айналым қаражатын өндіріс көлемін ұлғайтуға жіберуге, ал тауарды сату кезінде шарттық жұмысты жүргізу функциясын оны уәкілетті өкілге беруге мүмкіндік береді.
Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз.
«Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының және электр энергиясын беру мен онымен жабдықтау, жылу энергиясын беру және онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2019 жылғы 5 тамыздағы № 619 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының жобасына
БАСПАСӨЗ ПАРАҚШАСЫ
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы «Жылу энергетикасы туралы» Заң қабылданды және осы бағыттағы байланысты заңжобалары бойынша өзгерістер енгізілді.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-5-бабының 5) тармақшасына сәйкес
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2019 жылғы 5 тамыздағы № 619 бұйрығымен Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының және электр энергиясын беру мен онымен жабдықтау, жылу энергиясын беру және онымен жабдықтау саласындағы ұйымдардың елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары бекітілді.
Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» Заңының 5-5 бабының 5 тармақшасына және Қазақстан Республикасы 2024 жылғы 8 шілдедегі «Жылу энергетикасы туралы» Заңының 6 бабының 11 тармақшасына сәйкес келтіру үшін «Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендерде бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м. а. 2019 жылғы 5 тамыздағы № 619 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының жобасына» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрдің бұйрығы әзірленді.
Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз.
«Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі бұйрығы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізілгенге байланысты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын әзірледі және 19.07.2024 ж. №270 бұйрығымен бекітті.
Бұл қағидалар жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою тәртібін айқындайды.
Көрсетілетін қызметті беруші - Астана, Алматы және Шымкент қалалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, көрсетілетін қызметті алушылар - жеке және заңды тұлғалар.
Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз.
«Жылу оқшаулағыш материалдардың жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығының жобасына
Пресс-релиз
Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі С.М. Жұманғариннің төрағалығымен 2023 жылғы 13 шілдеде өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының № 99 хаттамасын орындау мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН коды):
- ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4008110000 жолақтар немесе таспаларды қоспағанда;
- ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4009110000 құбырлар мен шлангтарды қоспағанда;
- ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4009120009 басқа құбырлар мен шлангтарды қоспағанда алты ай мерзімге көліктің барлық түрлерімен әкелуге тыйым салуды енгізу көзделеді.
Әкелуге тыйым салуды енгізу бүгінгі күні көбікті синтетикалық резеңкеден жасалған жылу оқшаулағыш материалдарды өндіру бойынша отандық кәсіпорындардың жүктемесі өндірістік қуаттың тек 5-7% құрайтындығына байланысты.
Жоғарыда көрсетілген өнімді өндіруші - «IT&M» ЖШС 1989 жылы құрылған, Қазақстан Республикасы мен Орта Азия аумағында Misot-flex тауар белгісімен Каучукты оқшаулау өндірісі бойынша бірінші зауыт болып табылады. Бұл ретте, - өнім сапасы жағынан Италия, Ресей, Қытай және басқа елдерден импортталатын өнімдерден (K-Flex) кем түспейтіндігін атап өту керек.
«IT&M» ЖШС өндіретін жылу оқшаулағышының (осы зауыттың жылу оқшаулағыш материалдарының) техникалық сипаттамалары бойынша номенклатурасы өнеркәсіптік объектілерде, оның ішінде ҚР жылу және электр энергетикалық кешен объектілерінде (ЖЭО) қолдану үшін де пайдалану мүмкіндігіне ие.
Бұйрық қабылданған жағдайда «IT&M» ЖШС бүкіл ҚР нарығын қамтамасыз ете алады, өйткені зауыттың өнімділігі орамды оқшаулау бойынша шикізатты жылына 5 000 000 кг, құбырлы оқшаулау жылына 3 000 000 кг өңдей алады.
Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз.