
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің «Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы және Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындылардың нысандарын бекіту туралы» 2017 жылғы 21 қарашадағы № 797 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрық жобасына (бұдан әрі - Бұйрық).
Бұйрық жобасы мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.