
«Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрық жобасына (бұдан әрі - Бұйрық).
Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасы аумағына әкелу және шығару кезінде мемлекеттік кірістер органына Кимберлий процесінің сертификаты туралы (сертификат нөмірі, берілген күні және сертификаттың қолдану мерзімі көрсетілген) мәліметтер ұсынылады.Көрсетілген мәліметтер ұсынылмаған немесе Кимберлий процесі сертификатының қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда өңделмеген табиғи алмастар топтамасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат етілмейді.
Осыған орай, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында бұйрық жобасы әзірленді.