
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі шығындарды есепке алу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Осылайша, Кодекстің 72-бабының 8-1-тармағын іске асыру үшін «Қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде шығындарды есепке алу бөлігінде кен орнын игерудің техникалық жобаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасы (бұдан әрі - Бұйрықтың жобасы) әзірленді.
Бұйрықтың жобасында пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі шығындарды есепке алу бөлігінде кен орындарын игерудің техникалық жобаларын бекіту тәртібі бекітіледі.