Атбасарда су тасқынынан зардап шеккендерге көпқабатты үйлер салынып жатыр

Атбасарда су тасқынынан зардап шеккендерге көпқабатты үйлер салынып жатыр

Министр Қанат Шарлапаев Атбасар қаласына жұмыс сапары барысында зардап шеккен 165 тұрғынға арналған көпқабатты үйлердің құрылыс барысымен танысты.

Бүгінгі күні мердігерлерге 900 млн теңге жіберілді, оның 700 млн теңгесі – «УК Строй» ЖШС (4 позиция) және 200 млн теңгесі «MEDINA Building» ЖШС (1-2 позиция). Тұрғын үй құрылысының сметалық жалпы құны 7,1 млрд теңгені құрайды.

Су тасқынынан зардап шеккен отбасылар 1-позиция (61 үй) және 2-позиция (66 үй) мердігер «MEDINA Building» ЖШС. Сәйкесінше, (1 позицияны жоспарлы түрде тапсыру – 15 тамыз, 2 позиция – 1 тамыз). Үй-жайларды тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыс жүргізу бойынша 1-позиция – дайындық 82% құрайды. Нысандарда барлығы 12 бірлік жұмыс істейді, оның ішінде арнайы 94 техник мамандары бар.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті. Сонымен қатар, салынып жатқан нысандарды ілеспе инфрақұрылым мен абаттандыруды алдын ала қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.

Атбасарда жаңа тұрғын үйдің құрылысы су тасқынынан зардап шеккендердің баспана мәселесін шешудегі маңызды қадам болып табылады. Халыққа жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру үшін бар күш-жігерімізді салып жатырмыз, - деді әкімдігінің өкілдері.