Жүйе құраушыларға жататын металлургия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулыққа және химия өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа өзгеріс енгізу туралы

«Жүйе құраушыларға жататын металлургия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 350 бұйрығына және «Террористік тұрғыдан осал химия өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 88 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы бұйрықтың жобасында «бейнебақылау жүйесі» ұғымына өзгерістер енгізілуі ұсынылады.

Өзгеріс Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 5-тармағымен: 3-баптың 1) тармақшасы келесі редакцияда ұсынылған:

«1) бейнебақылау жүйесі-бейнебақылау камераларының, деректерді беру желілерінің, бағдарламалық және техникалық құралдардың және бейнежазбаларды сақтаудың, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыратын бағдарламалық және (немесе) техникалық басқару құралдарының жиынтығы;».

Құжаттың толық нұсқасыменн осы сілтемеден өтіп таныса аласыз.