
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы «Жылу энергетикасы туралы» Заң қабылданды және осы бағыттағы байланысты заңжобалары бойынша өзгерістер енгізілді.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығымен Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидалары бекітілді.
Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 9 шілдедегі «Электр энергетикасы туралы» Заңының 5-1 бабының 5 тармақшасына және Қазақстан Республикасы 2024 жылғы 8 шілдедегі «Жылу энергетикасы туралы» Заңының 6 бабының 7 тармақшасына сәйкес келтіру үшін «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрдің бұйрығы әзірленді.
Құжаттың толық нұсқасыменн осы сілтемеден өтіп таныса аласыз.