
Металлургтер күніне арнап ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде саланың көрнекті өкілдерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Құттықтау сөзі барысында Министр Қанат Шарлапаев қажырлы еңбегінің арқасында өнеркәсіп ел экономикасының 5 %-дан астамын құрайтын металлургтер еңбегінің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында Министр Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев, Ақсу, Рудный, Ақтөбе, Хромтау, Павлодар, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер және т.б. қалаларының «Kazakhmys Smelting» ЖШС, «ERG» ЖШС, «Qarmet» АҚ, «KAZ Minerals» ЖШС және «Казцинк» ЖШС кәсіпорындарының қызметкерлеріне марапаттарды табыстады.
Бүгінгі таңда 2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша қара металлургия сіздердің еңбектеріңіздің арқасында өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға дерлік өсіммен 13,7%-ға жетті. Түсті металлургияда сіздердің еңбектеріңіздің арқасында жарты жылда өткен жылмен салыстырғанда 5%-дық өсімге қол жеткіздік. Металлургиядағы жалпы көрсеткіш – 8,3% өсім, жалпы экономикалық өсім 3%-дан сәл жоғары. Бұл шын мәнінде сіздердің арқаларыңызда жеткен жеңіс», – атап өтті Қанат Шарлапаев.
Металлургия саласындағы қызметтері мен еңбектері үшін 32 маман «Құрмет» құрмет орденіне, 3-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденіне, «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.