Өнеркәсіп және құрылыс министрінің Металлургтер күнімен құттықтауы

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің Металлургтер күнімен құттықтауы

Құрметті металлургтер, кеншілер мен кен байытушылар!

Сіздерді ерекше маңызды мереке – металлургтер күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Кен байыту саласы еліміздің экономикасының ең маңызды құрамы, өнеркәсіптің негізі.

Бүгінде тау-кен және металлургия саласы еліміздің жалпы ішкі өнімінің 10% құрап, 12 трлн. теңгеге жетіп отыр. ТМК компаниялары шамамен 200 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, бұл өнеркәсіп жұмысшылары санының шамамен үштен бірі болып табылады.

Осы мамандыққа өз өмірін арнаған әрбір металлургке, ардагерлерге алғысым шексіз.

Металлург күні – төзімді, өз кәсібіне адал, ермінезді, ұстамды жандардың мерекесі.

Бүгінде, өндірісте шыңдалған адамдар адал еңбек жасап, алдыңғы буынның сара жолын, дәстүрін жалғастыруда.

Ұлы академик Қ.Сатпаев «Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес» демекші, металлургия отандық экономиканы алға бастаушы сала. Ол арқылы елдің өнеркәсіптік қуаты және әл-ауқаты арта түседі. Бұл – аса жауапты іс.

Сіздердің шеберліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыз шексіз құрметке лайық.

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Мереке құтты болсын, құрметті әріптестер! Бәріміздің Отанымыз — Қазақстанның кемел келешегі үшін еңбекте жаңа жеңістерге жете беріңіздер!

 

 

Құрметпен,                                                                Қ. Шарлапев