Ақмола облысы: Есілде жаздың соңына дейін зардап шеккен отбасылар үшін үйлер салынады

Ақмола облысы: Есілде жаздың соңына дейін зардап шеккен отбасылар үшін үйлер салынады

Есіл қаласында көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері зардап шеккен және апатты деп танылған тұрғындар үшін 21 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Бір пәтерлі жеке тұрғын үйдің орташа ауданы шамамен 80,7 м² құрайды.


Бүгінгі күнгі жағдай бойынша:

- қабырғаларды қалау 100 % аяқталды;

- 2 үйдің сыртқы қабырғаларды қалау аяқталды;

- 2 үйде қабырғаларды төсеу аяқталды;

- Шатырдың қаңқасы 5 үйде дайын;

- Шатырды монтаждау 3 үйде жүргізіледі;

- Электр сымдары 6 үйде жасалған.

Нысанда 50 жұмысшы және арнайы техника жұмыс істейді.

Құрылыс жұмыстары gov.kz порталында онлайн режимде бақылауға болады.

Аудан бойынша 16 отбасы баспаналы болды. Сондай-ақ, 189 жеке үйде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылысы және жөндеу жұмыстары жаз мезглінің соңына дейін аяқталады.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының мәліметі бойынша Ақмола облысында барлығы 1265 нысанға техникалық байқау жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша:

- 331 үйдің құрылысы жоспарланса, оның 273-інде құрылыс жұмыстары басталды;

- 220 үй сатып алу жоспарланса, оның 216-і үй сатып алынды;

- 714 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу, оның 416-ында аяқталды.