АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ҚҰНЫ 1 МЛРД ТЕҢГЕ ТҰРАТЫН АЛТЫН ӨНДІРУ ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУДА

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ҚҰНЫ 1 МЛРД ТЕҢГЕ ТҰРАТЫН АЛТЫН ӨНДІРУ ФАБРИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУДА

Алтын-күміс қорытпасын шығаратын жаңа кәсіпорын 2024 жылдың төртінші тоқсанында өнеркәсіптік пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 

Абай облысының Көкпекті ауданында Доре қорытпасын өндіру кәсіпорнын іске қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының соңғы кезеңі басталды. Altyn Samruk Qazaqstan АҚ-ның еншілес компаниясы – Eastern Gold ЖШС – жүзеге асырып жатқан жоба Абай облысының Индустрияландыру картасына енгізілген.

Фабриканың жобалық қуаты – жылына 200 мың тонна кен өңдеу және 200 кг дейін тауарлық өнім өндіру.

Кен «Родниковое» және «Белая Горка» кен орындарын игеретін жақын маңдағы карьерлерден келеді. Осылайша, кен өндіруден бастап Доре қорытпасын өндіруге дейінгі жаңа толық циклді кәсіпорын пайда болады.

Кеніштің бүгінгі таңдағы расталған минималды қоры фабриканың кем дегенде 8-10 жыл жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Жобаның жалпы құны – 1 млрд теңге.

Алтын өндіру фабрикасының құрамына ұсақтау-сұрыптау кешені, гидрометаллургиялық цехтың технологиялық желісі, зертхана, әкімшілік-тұрмыстық кешен, қызметкерлерге арналған тұрмыстық, санитарлық үй-жайлар кіреді.

Фабриканың салынып, іске қосылуының арқасында 60-қа жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Жұмысқа жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары қабылданады.

«Фабриканы іске қосу өңірлік және республикалық бюджеттерге түсетін салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Біз сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс істейміз және өңірді әлеуметтік-экономикалық қолдау мақсатында меморандум жасасуды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Altyn Samruk Qazaqstan АҚ Бас директоры Гүлбану Пазылхаирова.

Бұған дейін «Eastern Gold» ЖШС және Altyn Samruk Qazaqstan АҚ Абай облысының Көкпекті және Жарма аудандарында өткізілген қоғамдық тыңдауларда жүргізілетін тау-кен жұмыстарының жоспары келісілгені туралы хабарлаған еді.

Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасындағы құрамында алтыны бар кенді өндіру мен қайта өңдеуді дамытуға, елдің аффинаждық зауыттары үшін, атап айтқанда, Тау-Кен Алтын ЖШС үшін Доре қорытпасын өндіруге бағытталған.

Қысқаша ақпарат: Altyn Samruq Qazaqstan АҚ – UN Global Compact мүшесі, алтын өндірумен және өңдеумен айналысатын компания. Қазақстан Республикасының Абай облысының Көкпекті және Жарма аудандарындағы алтын кен орындарын игереді.

Қосымша ақпарат алу үшін Анара Саурбековаға хабарласыңыз: тел. +77017876323.