
Тасқын кезінде су басқан Мұғалжар ауданында 14 үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде Жағабұлақ ауылында 9 үй, Бірлік ауылында 5 үй бар. Сонымен қатар, ауданы бойынша 7 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары gov.kz порталы арқылы онлайн режимде бақылауға болады. Бұл жұмыстар тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.
Айта кетерлігі, Мұғалжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен 55 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Ақтөбе облысында барлығы 4 087 объектіге техникалық тексеру жүргізілді. Өңірде 511 тұрғын үй салынып жатыр. Зардап шеккендерге 406 сатып алынды. Алдағы уақытта тағы 97 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, 3003 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды. Тамыз айының соңына дейін бұл жұмыстар тағы 70 үйде аяқталады.