
Сіздерді 2024 жылғы 24 мамырдағы утиль алымы мәселелері жөніндегі № ПИ-2024-00000197 петицияны қарау бойынша қоғамдық тыңдауларға қатысуға шақырамыз.
Өтетін күні: 15.07.2024 ж.
Басталу уақыты: сағ. 11:00
Өтетін орны: Алматы қ., Алатау ауданы, «Алматы – өндірістік аймағы» Алғабас шағын ауданы, 7 көш., № 138/5 үй мекенжайы бойынша «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС зауыты.
Қоғамдық тыңдаудың мақсаты – петицияда ұсынылған мәселелерді талқылау, жұмыс тобының барлық мүшелерінің, жұртшылықтың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау, сондай-ақ петиция бойынша шешім жобасын ұсыну.
Аккредиттеу сұрақтары бойынша Мейіржан Арайлымға 2024 жылдың 13 шілдесіне дейін +7 708 617 7393 телефон нөмірі бойынша хабарласа аласыздар.