
Тиісті нормативтік құжат жобасы көпшілікке ұсынылды.
Әлемдік тәжірибеде шикізат түрінде қайталама металдарды қолдану экологиялық тазалық пен оны өңдеу кезінде энергия шығынының минималды болуына байланысты стратегиялық маңызды бағыт болып табылады.
Біздің елімізде қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары 11 отандық металлургиялық кәсіпорын үшін шикізаттың жалғыз және стратегиялық түрі болып табылады.
Бұйрық жобасында ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың сынықтарын көліктің темір жол түрімен әкетуге уақытша тыйым салу көзделеді.
Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес
«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 «Елеулі маңызды тауарлардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығымен орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тыйым салулар мен сандық шектеулер енгізе алатын азық-түлік немесе өзге де тауарлардың ішкі нарығындағы сыни жетіспеушіліктің алдын алу немесе азайту үшін елеулі маңызды тауарлардың тізбесі бекітілді. Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары осы тізімде бекітілген.
Отандық металлургиялық кәсіпорындардың қайталама шикізатпен толыққанды жүктелуі ел ішінде сынық дайындау кәсіпорындары жинайтын сынықтардың барлық көлемін қайта өңдеуге мүмкіндік береді