
«Строй-Ақтөбе» ЖШС – Қобды ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге үй салумен айналысатын мердігер ұйымдардың бірі. Компания өкілі Андрей Мумжу қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан екі үй салынып жатқанын айтты. Бұл үйлерге электр жарығы тартылып, сантехника орнатылған.
Қобды ауданында 15 мердігер ұйымның күшімен 147 тұрғын үй салынуда. Бүгінгі таңда 12 үйдің іргетасы құйылып, 136 үйдің сыртқы қабырғалары тұрғызылып, 129 үйдің шатыр жабыны орнатылды. 62 үйде терезе жақтаулары орнатылды. Құрылыста 253 адам жұмыс істеп жатыр.
Одан бөлек, Жарық ауылында екі мердігер мекеме 17 үйдің қабырғасын көтеріп, шатыр жабынын орнату бойынша жұмыстарды аяқтауда. Құрылыс материалдарының тапшылығы жоқ, олар нысандарға уақытында жеткізіледі.
Мердігермен электр желілерін тарту, сондай-ақ газ және сумен қамту бойынша келісім-шарт жасалып, бұл жұмыстар қазірдің өзінде жүргізілуде.
Тұрғын үйлердің құрылысы тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының мәліметі бойынша Ақтөбе облысында 4 087 нысанға техникалық зерттеу жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша:
- 511 тұрғын үйді салу – 511 басталды.
- 503 тұрғын үй сатып алу – 406 үй сатып алынды.
- 3 073 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізу – 3 000 аяқталды.