Атырау облысында қыркүйек айына дейін 100 тұрғын үй салынады

Атырау облысында қыркүйек айына дейін 100 тұрғын үй салынады

Жылыой ауданы Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үйлер салынып жатыр.

Қазіргі мәлімет бойынша, барлық 80 үйлердің іргетасы құйылған. 29-ында қабырғалар тұрғызылуда. Құрылыс жұмыстарына жергілікті 7 мердігер тартылып, 100-ден астам жұмысшы еңбек етуде.

Құрылысты ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарлануда.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметі бойынша, Атырау облысында 2 674 нысанға техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:

- 100 үй салу;

-  1 376  үй сатып алу  – 1 341 сатып алынды;

-  1 198 үйді жөндеу – 1 174-інде жұмыстар аяқталды.