
Қостанай ауданындағы Алтынсарин ауылында су тасқынынан зардап шеккен 21 отбасы ағымдағы жылдың шілде айында жаңа баспанаға ие болады. Үйлердің ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында. Әр үйге газ, жарық, су жүйелеріне қосылды. Жаңа үйлердің кілттері шілде айының ортасына дейін зардап шеккен тұрғындарға табысталмақ.
Жалпы аудан бойынша 73 отбасы үшін екінші нарықтан тұрғын үй сатып алынған. Сонымен бірге зардап шеккен 148 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметі бойынша, Қостанай облысында 1 283 нысанға техникалық зерттеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарнғн.:
– 153 баспаның құрылысы жүргізілуде, оның 103-і жеке тұрғын үй және Арқалық қ. бір 50 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй;
- 315 үй сатып алынды;
- 815 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жұмыстар инфрақұрылымды қалпына келтіріп, тұрғындарды тез арада жаңа баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде