Қанат Шарлапаев Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрімен кездесті

Қанат Шарлапаев Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрімен кездесті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев а.ж. 4 шідесінде Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактармен кездесу өткізді.

Қазақстан мен Түркияның экономиканың түрлі салаларды қамтитын, ұзақ жылдар бойында жалғасып келе жатқан достық пен серіктестік қарым-қатынастары бар. Қазақстан-түрік қарым-қатынастарын одан әрі дамыту мақсатында тараптар сирек минералдар мен сирек жер элементтері саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады.

Қазақстанда алтын, мыс, қорғасын, мырыш, темір, марганец және т.б пайдалы қазбалардың кен орындары бар. Сонымен қатар, шикізат базасын кеңейту мақсатында Арқалық, Риддер, Хромтау, Жезқазған, Балқаш моноқалалары маңында 12 учаскеде сирек жер металдарын айқындаудың перспективаларын анықтау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

«Жақын болашақта біздің республика «жасыл энергияға көшу» бойынша ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін маңызды металдардың сенімді жеткізушісіне айналуға дайын», – деп атап өтті министр.

Кездесу барысында тараптар қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық тақырыбын да қозғады.

Одан бөлек, талқылаулар барысында қазақстандық тарап түрік компанияларына Қазақстанда бірлескен жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.