
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының нәтижелері туралы хабарлайды.
Батыс Қазақстан облысының Орал қ. су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған тағы 10 саяжай тұрғыны баспаналы болды. Жаңа пәтерлер «Омега» тұрғын үй кешенінде демеушілер қаржысына сатып алынды.
Осы уақытқа дейін облыс орталығының 750 саяжай тұрғыны баспаналы болды. Сонымен қатар, қалада 374 үйдің құрылысы жүріп жатыр.
ҚР ӨҚМ Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 4 406 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша келесі іс-шаралар жоспарланған:
- 775 тұрғын үй салу;
- 2 248 үй сатып алу;
- 1 383 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Осы шаралар инфрақұрылымды жедел қалпына келтіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.