
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі а. ж. 12 маусымында қатты пайдалы қазбалардың баланстық қорлары бар 23 кен орны бойынша аукцион өткізу туралы хабарлама жариялады.
Осыған байланысты, Жер қойнауын пайдалану департаментінің қызметкерлері әр сәрсенбі мен жұма сайын сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы бойынша «Transport tower» ғимаратының 1 қабатындағы инвесторларға арналған кабинетте аукцион өткізу шарттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыратын болады.
Өтінімді d.otkulbaeva@mail.kz электрондық мекенжайға байланыс деректерін қоса отырып қалдыруға болады.