
Атырау қаласында жүк тасымалдайтын ашық және жабық вагондар, цистерналар, хоппер вагондары және контейнерлер тасымалдайтын платформаларды шығаратын зауыт жұмысын бастады.
Салтанатты шараға ҚР Өнеркәсіп және Құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев және «ТексолТранс» ЖШС компаниялар тобының басшысы Шота Абхазава қатысты.
«ТексолТранс» зауыты толық қуаттылығына көшкеннен кейін жылына 6 мың жүк вагонын шығарады деп жоспарлануда. Нәтижесінде 2700 жұмыс орны ашылады.
«ТексолТранс» жүк вагондарын шығару жобасы 2024 жылы Атырау қ. жүзеге асатын 17 инвестициялық жобалардың бірі. Зауыт Сарыөзек шағын ауданының аумағында орналасқан.