ӨҚМ мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы меморандумға қол қойды

ӨҚМ мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы меморандумға қол қойды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев а. ж. 1 шілдесінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамымен бірге ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында тараптар құрылыс саласында қазақ тілінің қолданыс деңгейін арттыруға бағытталған  жоспарлар мен іс-шараларды талқылап, бірқатар келісімдерге қол қойды.

Министрлік пен Қоғам екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту үшін бірлесіп жұмыс істейтін болады. Меморандумның басты мақсаты – құрылыс саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын барынша кеңейту. Бұл жұмыс кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Ең алдымен құжаттар зерттеледі. Одан кейін салалық құжаттар мен терминдерді қазақ тіліне аудару жұмыстары басталады.