
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккендердің баспанасын қалпына келтіру үдерісін көрсетуді жалғастыруда.
Есіл ауданындағы Есіл қ. 21 зардап шеккен отбасыларға жаңа үйлер салынуда. Құрылыс барысын gov.kz порталы арқылы онлайн бақылауға болады.
Сондай-ақ 189 үйде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, 13 отбасыға тұрғын үй сатып алынып, алдағы уақытта тағы 3 отбасыға үйдің кілттері табысталады. Құрылыс-жөндеу жұмыстарының болжамды аяқталу мерзімі жаздың соңына дейін.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының мәліметі бойынша Ақмола облысында барлығы 1 265 нысанға техникалық тексеру жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:
- 331 тұрғын үй құрылысы – 273-і басталды;
- 220 тұрғын үй сатып алу – 192 үй сатып алынды;
- 714 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.